Алматы облысындағы Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында халықаралық суретшілер пленэрі ұйымдастырылады. Өнер мерекесі 7 шілде күні бастау алып, өңірдің табиғи сұлулығы мен тарихи-мәдени ерекшеліктерін кеңінен насихаттауға бағытталады. Бұл жайында Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ануар Үмбеталиев баспасөз мәслихатында айтты. Ауқымды шығармашылық шараға Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей мемлекеттерінен танымал қылқалам шеберлері қатысады. Жалпы саны 15 суретші іріктеліп алынған. Оның ішінде бес суретші Алматы облысының атынан қаты...